Ақсуда жаңа қазандық салынуда

1420

Қазандықта өндірілген жылу энергиясын жаңадан салынып жатқан кәсіпорындарға жеткізу көзделуде. 

Ақсуда жаңа қазандық салынуда

Жаңа қазандықтың құрылысын биыл аяқтап, нысанды келесі жазда іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ақсу қаласына жұмыс сапарымен келген Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов құрылыс барысымен танысты.

"Құрылыс жұмыстарында 179 адам және 33 бірлік техника жұмыс істеуде. Қазандықтың негізгі ғимараты және үгіту цехінің корпусы салынып болды. Қазірде конвейерлер монтажы жүргізілуде. Нысан уақытында пайдалануға беріледі. Қазандықты пайдалану мәселесі Ақсу қалалық әкімдікте талқыланды",– деді "KBI Energy" ЖШС директоры Дәулет Әбдірахманов.  

"2017 жылы басталған бұл жоба Ақсу үшін өте маңызды, оның құны 11 миллиард теңгені құрады, - деді Болат Бақауов. - Егер қала 120 гигакалория жылу энергиясын пайдаланса, қазандық 180 гигакалория өндіреді. Демек, бізде жылу және ыстық сумен қамту мәселесін шешіліп, Ақсудың әрі қарай дамуына негізін қалаймыз".

Қазандықта өндірілген жылу энергиясын жаңадан салынып жатқан кәсіпорындарға жеткізу көзделуде. Олардың бірі Ақсу маңында салынады деп жоспарланған қант зауыты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу