Тәуелсіздік күніне орай ашылған 200 орынды жатақханада Ақсу қара металлургия колледжінің білім алушылары тұратын болады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бүгінде колледждің 150-ден астам студенті жаңа жатақханаға қоныстануға дайын. Бұл көбінесе жақын маңдағы ауылдарда тұратын студенттер. Бұрын күнде Ақсу қаласына баруға немесе қалада пәтер жалдауға мәжбүр болған.
Жатақханадағы екі орынды әр бөлме жуынатын бөлмемен жабдықталған. Мұнда асхана, кір жуатын бөлме, жаттығу және би залы бар.
Жаңа жатақхананың тұсаукесер рәсімінде Павлодар облысының әкімі оның құрылысы ұзақ уақыттан бері көтерілген мәселе екенін және бүгінде облыста тек колледж студенттерін ғана емес, сонымен қатар, жоғары оқу орындарын да жатақханамен қамтамасыз етуге тырысып жатқанын атап өтті.
Жатақханаға жаңа қоныстанушылар жақын арада орналасады. Студенттерге тұру тегін болады.