Қазір қаладағы барлық тұрғын үй мен әлеуметтік мекемеде, өндірістік ұйымдарда жылу батареялары салқындаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ақсу қаласының тұрғындары таңнан бері –18 градус аязда пәтерлерінің салқындағанын сезген.
"25 желтоқсан күні сағат 07:00-де "Казхром" ТҰК" АҚ АФЗ РОК-2 қазандығындағы №5 және №6 желілік сорғылардың бекіту арматурасының істен шығуына байланысты аталған желілік сорғылар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін тоқтатылды. Сондықтан Ақсу қаласының жылумен жабдықтау желілерінде жылу беру параметрлері төмендеді. Сағат 09.30-дағы жағдай бойынша істен шыққан ысырмалар бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, жылу желісінің параметрлері қалпына келтіріліп жатыр. Жылумен жабдықтау параметрлерін қалпына келтірудің болжамды уақыты – 2-3 сағат", – деп хабарлады Ақсу қаласының әкімдігінен.