Ақсулық ойыншылар Алматыға жарысқа барып, уланып қалды

582

Абырой болғанда денсаулықтарына келер қауіп жоқ.

Ақсулық ойыншылар Алматыға жарысқа барып, уланып қалды

Ақсу қаласындағы "Кавказский ансамбль" тобының 19 бишісі халықаралық конкурста өнер көрсетуге барған болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

8 бен 14 жас аралығындағы ұл-қыздар 9 шілде күні "Арена танцев" сахнасында өзге бишілермен сынға түсті. Сол күні түнде "Түркістан" қонақ үйінде химиялық өңдеу жүргізілді. Соның иісінен үш қыз бен бір ұл уланып қалды.

"Дәрігерлер зардап шекен 8, 12, 13 және 14 жасар бишілердің орта деңгейде уланғанын анықтады. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Бүгін олар тағы бірнеше сараптама тапсырып, ертең үйге қайту үшін жолға шығады", – деп хабарлады Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұлов.

Тағы 13 бала дәрігерлердің қарауынан соң үйге жіберілді. Би ұжымы, ұстаздар мен ата-аналар басқа қонақ үйге ауыстырылды. 

Құндыз Қабылденова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу