Ақсулық шенеунік әлі салынбаған, тұруға жарамайтын үйлерді сатып алған

Сол арқылы мемлекет қазынасына 50 млн теңге шығын келтірді.  

Ақсулық шенеунік әлі салынбаған, тұруға жарамайтын үйлерді сатып алған Фото: freepik.com

Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласында әлеуметтік осал топ өкілдерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 24 пәтер сатып алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алайда бұл баспаналардың құрылысы аяқталмаған болып шықты. Мұндай тұрғын үйлерді паналауға мүлде келмейтініне қарамастан қалалық құрылыс бөлімі оларды мемлекет қаржысына сатып алған. Бұл заңсыз әрекетті Ақсу қалалық прокуратурасы қызметкерлері анықтады. 

"Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысының қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 50 млн теңгеден астам сомаға залал келтірілді. Бақылау актісі бойынша кемшіліктер жойылды", – деп мәлімдеді прокуратура өкілдері. 

Ал бөлім басшысының әрекеті заңсыз деп танылып, лауазымдық қызметін асыра пайдалану салдарынан ауыр зардапқа келтіргені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 
Бұл ретте пәтер кезегінде тұрған азаматтар баспанамен қамтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу