Ақтас кентінде көше атаулары қазақшаланады

995

Қоғамдық  тыңдалымға жиналған тұрғындардың басым бөлігі көше атауының өзгеруін қолдаған. 

 Ақтас кентінде көше атаулары қазақшаланады Фото: inbusiness.kz

Саран қаласына қарасты Ақтас кентінде  мағынасыз атауға ие болған 5 көшенің атауы өзгеретін болды. Көшелерге қазақы атау беру үшін биліктегілер тұрғындарды жинап қоғамдық тыңдалым өткізген. Ақтас кентіндегі Ленинградская көшесін Әлия Молдағұлова, Бородина көшесін Бейбітшілік, Привольная көшесін Бауыржан Момышұлы, Городская көшесін Кеншілер және 8 -ое марта мен Транспортная деген екі атауға ие болған көшені Қаныш Сәтбаев деп өзгерту жоспарланып отыр.

Қоғамдық тыңдалымға 450 Ақтас тұрғындары жиналса , соның ішінде елу шақты тұрғын көше атауларын өзгертуге қарсы болған. Тұрғындардың арасында көшелерді  қазақтың ірі тұлғаларының есімін беруге қарсы шығып дау айтқандар болған. Оларға көпшілік көше атауының өзгеруін қолдайтындарын айтып шу шыққан. Алайда билік өкілдері тұрғындарға басу айтып отырған. Енді  көше атауларын өзгертуге қатысты шешімді ономастика комиссиясы қарайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу