Қарағанды облысының Ақтас кентінде орталық қазандық жаңа жылыту маусымына дейін пайдалануға берілмек. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Ақтаста қазандық құрылысы басталған болатын. Тиісті жұмыстар 2016 жылы қолға алынды. Қаржыландыру толық жүргізілді. Мердігерлер өндірістік кестені бұзбайды деп үміттенеміз. Әзірге өз міндеттемелерін толықтай орындап келеді. Алдағы жылыту маусымына дейін елді мекен орталықтан жылумен жабдықталатын болады", – деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков халықпен есеп беру кездесуі барысында Ақтас тұрғынының сұрағына жауап бере отырып.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу