Ақтау әкімдігі қала ішіне егілген 100-ден астам ағашты кесіп тастады

983

100-ден астам жас тал күтімнің жетпегенінен тамыр жая алмай қалған.  

Ақтау әкімдігі қала ішіне егілген 100-ден астам ағашты кесіп тастады

Тұрғындар болса, теректер жайқалып өскенде, шаһарға көрік беріп қана қоймай, қоршаған ортаға да пайдасы тиер еді деп қынжылады. Жасыл желегі онсыз да аз өңірде қолдан суару жұмыстары дұрыс жүргізілмегеніне наразы.

"Қаламызда тағы салынатын жаңа жоба үшін алып тастауы мүмкін. Өсіп тұрған талды бекерге кесіп тастамайды ғой. Далаға лақтырған есіл ақша ғой", - дейді қала тұрғыны Күнсұлу Жұмырова.

Ақтаудағы жаңа шағын аудандардың жол жиегіне нақ бір жыл бұрын ағаш егілген жер қазір тып-типыл боп жатыр. Қала әкімдігі өкілдері болса, талдар демеушілердің қаражатына отырғызылды. Баптап отырған ағаштар жердің қолайсыздығынан қураған соң, кесіп тастауға мәжбүр болдық деп мәлімдеді.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман: "Барлық шығыны демеушілік қаражаттарға отырғызылған ағаштар еді. Теректерді суару, баптау, минералдармен қамтамасыз ету бәрі уақытылы жасалды. Топырақ өте нашар, сол себептерге байланысты ағаштар тамырын жая алмады. Ғылыми зерттеу орталығы мамандарымен  келісе отырып, теректерді алып тастау шешімі қабылданды", - дейді.

Алмас Қылыш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу