Ақтау әкімдігі кәсіпкерлерді қаланы жаңа жылдық безендіруге міндеттеді

1033

Ақтау шенеуніктері жергілікті кәсіпкерлерді қаланы жаңа жылдық мерекелерге орай безендіруге міндеттеді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Ақтау әкімдігі кәсіпкерлерді қаланы жаңа жылдық безендіруге міндеттеді

Мұндай талап бизнес қоғамдастығы тарапынан сынға ұшырады. Олардың көпшілігінде карантин жағдайында кірістер күрт төмендеді.  Дүкендер, дәмханалар мен мейрамханалардың иелері 10 желтоқсанға дейін жаңа жылдық безендіруді аяқтауы тиіс. Ақтау қаласы әкімінің орынбасары атынан жолданған хатта: кәсіпкерлік субъектілері қасбеттерді және оған іргелес аумақты жарықпен безендіру жұмыстарын жүргізуі тиіс. Бұл ретте, жарық динамикасын, көше жылтырақтарын пайдалану ұсынылады.

Сонымен қатар, әкімдік "Жер учаскесін жалдау туралы" шарттың талаптарына сәйкес, аталған ұсыныс қолдау таппаса кәсіпкерге шара қолдана алады. Бірақ карантин кесірінен шығынға ұшыраған іскерлер безендіруден бас тартып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу