Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін әжетханалар үшін 87 млн теңге жұмсаған

546

Әкімдік жағалауда 5 қоғамдық әжетхана салған, алайда қала тұрғындары оны пайдаланбаған.

Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін әжетханалар үшін 87 млн теңге жұмсаған Фото: Антикор

Әлеуметтік желілерде Ақтауда 87 млн теңгеге 5 әжетхана салынып жатқаны туралы ақпарат тарап кетті. Мониторинг барысында Ақтау қаласының әкімдігі қалалық жағалауда 5 қоғамдық әжетхана орнатқаны белгілі болды. Бірақ тұрғындар оны пайдалана алмауда.

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң жеткізушіге 87 млн теңге көлемінде толық соманы аударған.

Бұл факт құзырлы органның ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді.

Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу