Ақтау әкімдігіне жұмысшыларға жалақы беру үшін жобалардың ақшасын жаратуға тура келді

777

Наразылық танытқан 400-ден аса жұмысшының айлығына жергілікті жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 74 млн теңгесі алынды.

Ақтау әкімдігіне жұмысшыларға жалақы беру үшін жобалардың ақшасын жаратуға тура келді Фото: lada.kz

Ереуілге шыққан ақтаулық аула сыпырушыларға жалақы төленді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Жангелді Әубәкіров айтты, деп хабарлайды astanatv.kz.

Оның айтуынша айлық беру үшін жергілікті жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 74 млн теңге алуға тура келген. Атқамінерлер қазынаның ақшасын енді қала бюджетіне ақша түскен соң, 1,5 айдан кейін қайта орнына қоймақшы. Ал, "Қала жолдары" мекемесінің ақпан, наурыз айларында адамдарға жалақы төлеу үшін банктен алған несиесін шенеуніктер бір аптадан соң қайтаруға уәде етті.

Еске салсақ, Ақтау қаласында 400-ден астам көше тазалығына жауапты жұмысшылар айлық төленбегендіктен наразылық білдіріп, жұмысқа шықпай қойған еді.  

"Жергілікті бюджетке ақша түсісімен кеміген соманы қалпына келтіреміз. 1-1,5 ай күте тұратын болып келістік. Өйткені, бұл қаржы жұмысшылардың жалақысын төлеуге арналмаған. Алайда адамдардың жағдайын түсініп, осындай әрекетке баруға мәжбүрміз", – деді Жангелді Әубәкіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу