Ақтау әкімдігінің қызметкері 700 мың теңге айыппұл төлейді

458

Ол сатып алу тәртібін бұзғаны үшін айыппұл арқалады. 

Ақтау әкімдігінің қызметкері 700 мың теңге айыппұл төлейді Фото: Антикор

Маңғыстау облысы бойынша Жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне қоғам белсенділерінен Ақтау қаласының аумағында 87 млн теңгеге модульдік дәретханаларды орнатуға қатысты ақпарат түсіп, материал ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді.

Тиісті тексеру жүргізу үшін материалдар Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жолданды. Тексеру нәтижесінде "Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметіндегі заң бұзушылықтар анықталып, басшысы Г. Серікбаевқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабы бойынша 200 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.                                                              

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу