Ақтау әкімі жаңа дизайндар ұсынды

977

Бұл жолы пластик гүлдер орнатылмайды.

Ақтау әкімі жаңа дизайндар ұсынды

"Жасанды қызғалдақтарды тірі гүлге ауыстыру қажет!" Ақтау қаласының басшылығы шаһарды көркейту үшін басқа дизайндар ұсыныс жатыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Бұған дейін қаладағы "Ынтымақ" алаңына орнатылған "қызғалдақтар" тұрғындардың сынына ұшыраған болатын. Көп ұзамай-ақ, жасанды гүлдер шеру кезінде істен шығып, жер астымен жүретін электроникаға, бірнеше шақырымға созылатын электр сымдарына, басқа да "заманауи" дүниелерге жұмсалған қаржы құр босқа шығын болды. 

Енді Ақтау әкімі Нұрдаулет Қилыбай қала халқының назарына "қызғалдақтардың" орнын басатын жаңа нұсқалар ұсынып отыр. Ол әлеуметтік желілерде "Кейде артық жасаймыз деп тыртық жасап қоямыз да, соның қырсығынан бұрын-соңды жасаған осы қалай деген істер көлеңкеге кетіп, сәйкесінше әділ критикаға қалып жататын жерлеріміз бар. Назарларыңызға жаңа дизайндарды ұсынуды тәуір көрдік. Бұл жолы композицияда талдар мен тірі гүлдер, ақмаржан қаламыздың атауын жазуды ұйғардық. Өлкемізді сіз боп, біз боп бірге өркендетейік, сырттан келіп ешкім көркейтіп бермейтіні анық!" деп жазып екі жобаның эскизін ұсынған. 

"Бірінші нұсқа Ақтауды әппақ тастардың жансыз қаласы сияқты көрсетеді. Екіншісін қолдауға болады. Бұл эскизде бәрі жасыл желекке оранып тұрғаны көрсетілген, демек сол жағына назар аудару керек", – дейді жергілікті эколог, табиғат жанашыры Кирилл Осин. 

Былтыр 200 шаршы метр жерге бюджеттің 15 млн теңге қаражатына орнатылған пластик гүлдер сымдары үзіліп, сынып қалған болатын. Оны алматылық "Clover media group" компаниясы "гүлдер күндіз жайқалып, түнде жарқырап жанып тұрады" деп авторлық жоба ретінде ұсынған болып шықты. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу