Ақтау ақылы жағажайларды қайта жапты

1936

Себебі, ол жерлерге келушілер қатары күрт көбейіп кеткен.

Ақтау ақылы жағажайларды қайта жапты

Маңғыстау облысы бас санитарының ұаулысымен, карантин кезінде ақылы жағажайлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілген болатын. Дегенмен соңғы уақыттарда келушілер санының тым көп болуына байланысты карантин талаптары дұрыс сақталмай, індеттің жұғу ықтималдығы жоғарылаған.

"Достар", "Стигл", "Сансет", "Сая" демалыс базаларын, "Солдат жағажайы" жағажайын, "Достар" жағажайы мен қонақ үй кешенін тексерген мониторингтік топ бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Біз ақылы жағажайларға рұқсат еткенде кәсіпкерлер белгіленген ережелерді сақтайды деп күткен едік. Ол бойынша ақылы жағажай әкімшілігі демалушылардың санына сәйкес келуін және екі метр қашықтықты сақтауды қамтамасыз етуі керек", – деп мәлімдеді облыстың тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен. 

Мәселен, "Достар" қонақүй кешені мен жағажайда бетперде кию, арақашықтық сақтау сынды дезинфекциялық режимдер сақталмаған. Сондай-ақ, тыйым салынғанына қарамастан бассейн жұмыс істеп тұрған. Тәртіп бұзғаны үшін басшылыққа 115 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 320 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. 

Ал әлеуметтік желідегі бейнебаянда демалушылардың көптігімен көзге түскен "Солдат жағажайында" әжетхана, киініп-шешінетін кабинкалар, басқа да кейбір қажеттіліктер жоқ болып шықты. Қазіргі күні орын алған ахуал жұқпалы дерттің одан әрі тарап, өршуіне әкеледі деп шешкен қала басшылығы мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ақылы жағажайлардың қызметіне тиым салды. Дегенмен, мониторингтік топтың текесеру жұмыстары жалғасып жатыр. Егер айыппұл салынған жағажайлар одан кейін де заң бұзған жағдайда, олардың ісі сотта қаралатын болады. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу