Ақтау әуежайы Қызылордаға жаңа рейс ашады

1069

Ақтау әуежайы Қызылордаға жаңа рейс ашады

2017 жылдың 3 қаңтарынан бастап, Ақтау халықаралық әуежайы "Ақтау - Қызылорда - Ақтау" жаңа бағыты бойынша жұмыс істеуді бастайды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Жаңа рейсті "Bek Air" әуе компаниясы ашуда, оның ұшақтары аптаның 5 және 7 күндері жолаушыларды тасымалдайтын болады. Әуе компаниясы аталған бағыттың ең төменгі құны 10 мың 800 теңге екенін мәлімдеді.

"Бұл әуе компаниясының өз бағасы, мұнда әуежай алымы қосылмаған және туристік агенттіктерден билет алсаңыз - тағы да комиссия төлеу қажет болады", - деп атап өтті "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, биыл ҚР аумағында ғана емес, ТМД елдеріне де қосымша бағыттар ашылады. Мәселен, Санкт-Петерборға дейін рейс ашу жоспарда бар. 12 желтоқсанда ашылған Шымкентке дейінгі бағыттың жиілігі артады. Енді аптасына екі рет емес, үш рейс жасалатын болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу