Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады

765

Iran Airtour әуекомпаниясының ұшағымен Маңғыстау облысына 137 турист келді.  

Ақтау әуежайы Тегераннан алғашқы чартерлік рейсті қабылдады Фото: aktau-airport.kz

Ақтау әуежайы Иран астанасынан (Тегеран қ.) алғашқы чартерлік рейсті қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

Осы демалыс күндері Ақтауға Иран елінің туристерімен екінші рейс келеді. Биыл басқа елдердерден де чартерлік рейстер күтіліп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Иран, Қытай және Үндістан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим енгізген болатын.

"Ақтау Ираннан келген қонақтар арасында үлкен сұранысқа ие, сондықтан ирандық туроператорлар ұйымдастырған әуе рейстері мен турлар көп күттірмеді. Біз қазір келетін қонақтардың санын көбейту үшін жұмыс істеп жатырмыз, сондықтан алдағы уақытта мұндай рейстердің де саны артуы керек. Болашақ серіктестермен келіссөздер үнемі жүргізіліп отырады", - деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу