Ақтау әуежайына айыппұл салынды

1328

Енді соттың шешімімен әуежай басшылығы кем дегенде екі дәмхананың  жұмыс істеуіне жағдай жасауға тиіс. 

Ақтау әуежайына айыппұл салынды

Ақтау халықаралық әуежайына 1,5 миллион теңге айыппұл салынды. Сотқа дейін жеткен оқиғаға дәмханадағы шарықтаған баға себеп. Өйткені, бұған дейін жолаушылардың бірі самсаның құны 500 теңге екенін айтып шағымданған болатын, деп хабарлайды КТК.

Монополияға қарсы департамент Ақтау әуежайының иелерімен бір жылға жуық соттасқан. Сөйтіп, әуежайдағы жалғыз тамақтану орны нағыз монополияның ошағына айналғаны анықталған. Өзге бәсекелес табылмағандықтан ол жердегі ас-суға қымбат баға қойылып келген. Енді соттың шешімімен әуежай басшылығы кем дегенде екі дәмхананың  жұмыс істеуіне жағдай жасауға тиіс. Сол арқылы бағаны төмендету көзделіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу