Бүгін Ақтау әуежайында ауа райына байланысты сегіз рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Астана, Астрахан, Мәскеу, Ыстанбұл және Атырау қалаларына әуе рейстері шегеріліп жатыр. Сондай-ақ, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Астана, Шымкент және Астрахан қалаларына ұшатын рейстер де кідіруде.
"Ақтаудағы метеорологиялық жағдайдың қиындауына байланысты авиациялық маршруттардың ұшу кестесі бұзылды. Ыстанбұл мен Мәскеуден келетін рейстер Атыраудағы қосымша әуе айлағына жіберілді. Ұшу-қону жолағындағы мұздың ерігенін күтіп отырмыз", - деп хабарлады Ақтау халықаралық әуежайының өкілдері.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу