Ақтау қаласының әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында тіркелген пайдаланушыға "Цифрлық құжаттар" сервисіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.
Жоғарыда аталған әуежайларда осы қызметті пайдалануды жоспарлап отырған жолаушылардың пилоттық жоба кезінде өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алып жүргені жөн болады.