Ақтау әуежайында жолаушылар шу шығарды

121

Олар күту жағдайының өте нашар екенін айтып, шағымданған.  

Ақтау әуежайында жолаушылар шу шығарды Фото: бейнежазбадан

Ақтау әуежайында FlyArystan әуе компаниясының Ақтау – Алматы бағыты бойынша ұшатын рейс жолаушылары наразылық танытты. Жолаушылар ұшқыштың жоқтығына байланысты түнді әуежайда өткізуге мәжбүр болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Алты сағат бойы еденде, шабадандардың үстінде отырдық! Суық, көрпе жоқ, ешқандай ақпарат берілмеді. Миллиардтаған пайда табатын компания, ал жағдай жертөледегідей!" – деп ашынды жолаушылардың бірі.

Оқиға үлкен резонанс тудырды – тіпті оқиға орнына полиция қызметкерлері де келді.

Белгілі болғандай, әңгіме FS 7178 Ақтау – Алматы рейсі туралы болып отыр. Ол 6 шілде күні сағат 02:05-те ұшуы тиіс болған, алайда алдымен 06:45-ке, кейін мүлде 22:30-ға шегерілген.

FlyArystan компаниясы рейстің кешігу себебін "ұшақтың кеш келуі" және "өндірістік қажеттілікпен" түсіндірді.

Компанияның баспасөз қызметі жолаушыларға сусын мен тағам берілгенін, ал 23 адамға сағат 09:30-дан бастап қонақүйге орналастыру ұйымдастырылғанын хабарлады. Сондай-ақ тегін қайта брондау мен билеттің толық қайтару мүмкіндігі ұсынылған.

"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Біз үшін ұшу қауіпсіздігі – басты басымдық", – делінген FlyArystan мәлімдемесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу