Ал, FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, рейстің кейінге шегерілуіне ұшақтың кешігуі себеп болған.
– Ақтау – Алматы бағытындағы бастапқыда 02:05-ке жоспарланған FS 7178 рейсі ұшақтың кеш келуіне байланысты алдымен жергілікті уақыт бойынша сағат 06:45-ке шегерілген. Жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды. Кейін өндірістік қажеттілікке байланысты ұшу уақыты 22:30-ға ауыстырылды, –делінген хабарламада.
Әуе компаниясы жолаушыларға қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық жағдай жасалғанын, басқа рейстерге тегін брондау немесе билет құнын толық қайтару мүмкіндігі барын жеткізген.
– Әуе компаниясын жүгінген (23 адам) жолаушылардың сұрауы бойынша олар қонақ үйлерге орналастырылды. Бұл процесс таңғы 09:30-дан бастап кезең-кезеңімен жүргізілді. Өйткені қонақтардың стандартты шығу уақытынан кейін нөмірлерді дайындау үшін қонақүйге уақыт қажет болды (чекаут 09:00-дан), – делінген компания таратқан хабарламада.
FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, қазіргі уақытта Ақтау әуежайында рейсті күтіп отырған жолаушылар жоқ.