Ақтау әуежайындағы жаңғырту жұмыстарының 90%-ы аяқталды

356

Жоба аяқталғаннан кейін әуежай барлық санаттағы әуе кемелерін қабылдай алады.  

Ақтау әуежайындағы жаңғырту жұмыстарының 90%-ы аяқталды Фото: lada.kz

Ақтау халықаралық әуежайында аэродром инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта перронды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Жоба 2024 жылы басталған аэродром жабындарын кешенді жаңғыртудың жалғасы саналады. Оның бірінші кезеңінде ұшу-қону жолағы мен рульдеу жолдары қайта жаңартылып, жұмыстар 2025 жылдың шілде айында толық аяқталған.

Биылғы мамыр айынан бастап жобаның екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Бұл кезең аясында рейстерді тоқтатпай-ақ перрон мен әуежайдың периметрлік инфрақұрылымы жөнделуде.

Қазір перронды жөндеу жұмыстарының 90%-ы аяқталған. Қалған бөлігінде жабын төсеу, периметрлік қоршау орнату және қосымша жарықтандыру жүйелерін жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Барлық жұмысты 2026 жылдың үшінші тоқсанының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жаңғырту нәтижесінде ұшу қауіпсіздігі артып, әуе кемелерінің тұрақ орындары кеңейеді. Сондай-ақ әуежай ірі жүк ұшақтарына қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады. Жоба толық аяқталғаннан кейін Ақтау әуежайы барлық үлгідегі, оның ішінде "F" санатындағы әуе кемелерін қабылдай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу