Ақтау халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізіледі. Бұл жұмыстарды 23 қыркүйектен бастап 23 қазанға дейін жергілікті уақыт бойынша күн сайын сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін жүргізу жоспарланып отыр, деп жазады inbusiness.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұшу-қону жолағына жөндеу жүргізу жұмыстары ұшу қауіпсіздігін, әуе кемелері мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Жоспарланған жөндеу мерзімдері әуе компанияларымен келісілді. Ауа райының қолайлы кезеңін және мердігер ұйымдардың дайындығын, сондай-ақ әуежайдың ең жоғары жүктемесі кезеңінің төмендеуі ескеріле отырып таңдалды. Жөндеу жұмыстары кезеңінде рейстер таңертеңгі және кешкі уақытқа ауыстырылады", - деп хабарлады "Ақтау халықаралық әуежайы" АҚ.
Осыған байланысты ақпаратты әуе компания өкілдерінен нақтылау ұсынылып отыр.