Ақтау ауруханасындағы жастық жұртты шошытты

658

Оған ескі залалсыздандыру аппараты кінәлі болып шықты.

Ақтау ауруханасындағы жастық жұртты шошытты

Ақтауда облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында жатқан әйел ондағы науқастар жататын жастықтың суретін желіге салып, шу шығарды. Әйел онда сырқаттанып қалған кішкентай қызының қасында жатыр екен, мынадай жастыққа басын қойып, ұйықтай алмайтынын айтқан.

Белгілі болғандай, бар мәселе дезинфекциялық камерадағы құрал-жабдықта болып шықты. Ол көрпе-төсектерде әрбір зарарсыздандыру жұмысын жүргізгеннен кейін осындай "із" қалдырып отырады екен. 

"Аталған аурухананың басшылығы бұл жайдан хабардар. Залалсыздандыру жасайтын құрал ескі, сол себептен жастықтарда осындай дақтар сақталып қалады. Қазір емдеу мекемесі дезинфекциялық камераның кейбір құралдарын ауыстырмақ болып жатыр. Мүмкін содан кейін жағдай түзелер. Ал жастықтардың ішкі тысы жыл сайын ауыстырылып тұрады", – деп түсіндіреді облыстық денсаулық сақтау  басқармасының баспасөз қызметінен. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу