"Біз алгоритмді әзірлегенде, процесті қалай ыңғайлы ұйымдастыруға болатынын қарастырамыз. Біз ешкімді көшеде қалдырмаймыз, бәрі де автобусқа отырады", - дейді компанияның операциялық жетекшісі Жәнібек Миралиев.
Cондай-ақ, "Сaspiy" автопаркі 18 жасқа дейінгі балалардың тексерілмейтінін, ал заманауи смартфондары немесе интернеті жоқтар ЖСН арқылы тексерілетінін хабарлайды. Ал "қызыл" және "сары" мәртебесі бар адамдар автобусқа кіргізілмейді.
Айта кетейік, Ashyq жүйесі бұған дейін Атырау қаласының қоғамдық көліктеріне енгізілді.
Құралай Қуатова