Ақтау, Баутино және Құрық портына кірген 408 кеме тексерілді

1754

Нақты айтқанда Қазақстанның – 120 кемесі, Ресейдің – 117 кемесі, Әзiрбайжанның – 92 кемесі, Иранның – 79 кемесі тексерілген.

Ақтау, Баутино және Құрық портына кірген 408 кеме тексерілді

Қазақстан теңіз порттарында  мемлекеттік бақылау менг қадағалауды жүзеге асыратын Теңіз порты әкімшілігі былтыр Ақтау Баутино және Құрық порттарына кірген 408 теңіз кемесін тексерді, деп хабарлайды ИИДМ баспасөз қызметі.

Нақты айтқанда Қазақстанның – 120 кемесі, Ресейдің – 117 кемесі, Әзiрбайжанның – 92 кемесі, Иранның – 79 кемесі тексерілген.

9 кемеге анықталған бұзушылықтарды жойғанға дейін порттан шығуға рұқсат берілген жоқ, оның ішінде Ресейдің – 2, Әзірбайжанның – 1, Иран Ислам Республикасының – 6 кемесі бар.

Жыл басынан бері кемелерді қарау кезінде бұзушылықтарды жою туралы 4 ұйғарым берілді.

Есептік кезеңде бірқатар әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жалпы 200 818 теңге сомасында айыппұл өндірілді.

Халықаралық конвенциялардың және ұлттық заңнамаларының талаптарына сәйкес, Теңіз порты әкімшілігінің инспекторы кемені қарау барысында кеме экипажы мүшелерінің және командалық құрамының тиісті біліктілігін, кеме құжаттарын, кеменің техникалық жағдайын, құтқару және сигналдық құралдарының болуын, сонымен бірге өрт сөндіру құралдарын қарайды.     

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу