Ақтау битум зауыты 3,52 миллион тонна мұнай өңдеді

1117

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин "CASPI BITUM БК" ЖШС-ға (Ақтау битум зауыты) жұмыс сапарымен барды.

Ақтау битум зауыты 3,52 миллион тонна мұнай өңдеді

Аталған зауыт жол құрылысы саласының жоғары сапалы жол битумына қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ақтау битум зауыты 2013 жылғы желтоқсан айында пайданалуға берілген. Техникалық сипаттамалары бойынша сапасы жоғары жол битумын шығару үшін оңтайлы шикізат саналатын "Қаражанбас" кен орнының мұнайын жылына 1 млн тоннаға дейін өңдей алады.

Зауыт жұмысының нәтижесінде және басқа отандық өндірушілердің өнімін қоса алғанда, бүгінде елдің жол битумына деген қажеттілігі толық қамтылып отыр.

Салыстыратын болсақ, 2013 жылы Қазақстанға әкелінетін битум импорты 200 мың тоннадан астамды құрады. 2018 жылы зауыт өнімі елдің ішкі нарығы қажеттілігінің 37%-ын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Ақтау битум зауытында жоғары сапалы, оның ішінде бұған дейін Қазақстанда шығарылмаған полимерлі-түрлендірілген битум өндіріледі. Полимерлітүрлендірілген битум жылуға, аязға және тозуға төзімділігі бойынша жақсартылған сипаттамалары есебінен асфальт-бетондық жабындылар қызметінің мерзімін 1,5-2 есеге ұзартады.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры Мұратжан Мұсайбеков зауыт іске қосылған уақыттан бастап 3,52 млн тонна мұнай өндіріліп, 1 млн тоннадан астам жол битумы немесе 3 500 шақырымға жуық жол шығарылғанын атап өтті.

Ақтау битумы Қазақстанның барлық дерлік стратегиялық автожолдарын, оның ішінде "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" тас жолының құрылысы кезінде пайдаланылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу