Ақтау битум зауыты алғашқы өнімін экспортқа жөнелтті

1260

Ақтау битум зауыты алғашқы өнімін экспортқа жөнелтті

Ақтаудағы Caspi Bitum зауыты 650 тонна көлеміндегі алғашқы өнімін Өзбекстанға экспортқа жөнелтті, деп хабарлайды ҚМГ-ӨМ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, зауыттың өнімі техникалық сипаты жағынан кез келген жол-климаттық аймақтарға сәйкес келе берді. Ақтау битум зауыты "ҚазМұнайГаз-өңдеу және маркетинг" АҚ ("ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ еншілес кәсіпорны) және "CITIC Kazakhstan" ЖШС бірлескен кәсіпорны болып табылады. Ол  жол саласын жоғары сапалы битуммен қамтамасыз ет мақсатында 2013 жылы ҮИИДМБ шеңберінде (2010-2014)  салынған.

Зауыттың жобалық қуаты – жылына 1 млн тонна  шикі мұнай өңдейді. Зауыт битумның екі түрін шығарады. Атап айтқанда, созылмалы мұнай битумы және жолға арнайы түрлендірілген мұнай битумы дайындалады. 2016 жылы зауыт 623,5 мың тонна мұнай өңдеп, 110,9 мың тонна жол битумын өндірді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу