Ақтау битум зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатыр

1161

Ақтау битум зауытында жоспарлы жөндеу жүргізіліп жатыр

"CASPI BITUM" БК" ЖШС жоспарлы-мәжбүрлі жөндеуге жабылды.  Биыл  бұл жұмыс 30 күнге – 1 қаңтардан жоспарланған.  Жөндеу ЭЛОУ-АВТ кешенінде және тотығу блогында,  модификацияланған битум қондырғысында, битумды салқындату және қаттау қондырғысында, жалпы зауытқа тиесілі нысандарда жүргізіледі.

"1 ақпаннан бастап біз кезең-кезеңмен  мұнай қабылдауды бастаймыз, наурызға қарай өнімнің жоспарланған көлемін өндіретін боламыз", – деді "CASPI BITUM" БК" ЖШС өндіріс жөніндегі бас директоры Рүстем Бисалиев.

Зауыт 2016 жылы 620 мың тоннадан астам шикі мұнайды өңдеп, 110955 тонна жолға арналған битум өндіріп, оның 109419 тоннасын жөнелтті.  Мұнай жеткізуші – "ҚаражамбасМұнай" АҚ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу