Ақтау гарнизонында танкі-тренажерлері пайда болды

360

Нысанда теңіз жаяу әскерлері жаттығады.

Ақтау гарнизонында танкі-тренажерлері пайда болды Фото: Ақтау гарнизоны

Бұл техникалар танкті басқаруды, танкке қарсы зымыран кешендерін басқаруды және әртүрлі қарудан оқ атуды имитациялайды. Оларда теңіз жаяу әскерлері жаттығады.
Моторлардың шуын сезіну, ауыр техниканы басқару, жауынгерлік машинаны оқу аудиториясынан шықпай-ақ үйренетін мүмкіндік туды.

Тренажер әскери қызметте тұрған Т-72 танкінің механик-жүргізушісінің кабинасына толықтай ұқсас. Барлық бақылау-өлшеу құралдары 40 тонналық жауынгерлік машина сияқты қызмет етеді. Сұйық отын мен оқ-дәрілерді жұмсамай-ақ жүргізуді және атуды үйрене алады. Бір техникада 15 адам білімін жетілдіре алады. Мұнда бір нұсқаушы да қатысады.

Мұндай тренажерде экипаж бірнеше шақырым жүріп өтуге қабілетті. Күннің уақыты, кез-келген кедергілер жасау, ауа-райын, тіпті ландшафтты өзгерту оңай.                                                                                                                                              

"Алдымен екі апталық теориядан өткен сарбаздар жауынгерлік машина мен қару-жарақтың сипаттамаларды зерттейді. Содан кейін олар машиналарға жіберіледі. Бір ай ішінде, күн сайын бір сағаттан айналысады. Содан кейін олар полигонға тест тапсыруға барады. Артиллерия мен танк тренажерлері, электронды машиналар әскери қызметшілер шайқаста жеңіске жетуге көмектесетін дағдылар қалыптастырады. Автоматты режимде нұсқаушылар білім алушылардың қателіктерін тіркейді, олардың әрекеттерін түзетеді және жағдайды қайтадан модельдейді", - деді теңіз жаяу әскерлері бригадасының нұсқаушысы Нұржігіт Елдесбаев.                                                                                                                                                                                         

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу