Ақтау гарнизонындағы сарбаз өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

486

Қайғылы жағдай 30 қыркүйекте болды.

Ақтау гарнизонындағы сарбаз өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Ақтау гарнизонындағы Оймашы полигонында болған жарылыстан көз жұмған сарбаздың дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодесінің 453- бап, 2-бөлігімен, лауазымды тұлғалардың қызметіне салғырт қарағаны үшін тергеу жұмыстары басталды.                                 

"Аталған дерек бойынша жауаптылар жазасын алатын болады. Қазір сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Адам өліміне әкеп соқтырған жарылыс себебі нақты белгілі болады.Осыдан соң тағы да бірқатар сараптама тағайындалады",- дейді Ақтау гарнизонының әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.                                                                                                                  

Айта кетейік, қайғылы жағдай 30 қыркүйекте болды. Оймашы полигонын қоқыстан тазарту барысында белгісіз зат жарылып кеткен. Салдарынан 20 жасар сарбаз түрлі дене жарақатын алды. Ауруханаға барар жолда әскери қызметшінің көз жұмғаны белгілі болды. Тағы бір сарбаздың жағдайы қалыпты, өміріне қауіп жоқ. 

Шымкеттен шақырылған сарбаздың Отан алдындағы борышын аяқтауына 6 ай қалған еді. Оған бұйрықты берген кім, қауіпсіздік шаралары неге сақталмады деген сұрақ көп. Барлығына тергеу барысында жауап алынбақ. Зардап шеккендер 25744 теңіз жаяу әскери бөлімінде азаматтық борышын өтеген. Марқұмның ата-анасы Ақтауға арнайы келіп, сарбазды туған жеріне жерлеуге алып кеткен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу