Ақтау халықаралық әуежайының миллионыншы жолаушысы анықталды

721

Ақтау халықаралық әуежайының миллионыншы жолаушысы анықталды

Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтау халықаралық әуежайы миллионыншы жолаушысын Астанаға шығарып салды, деп хабарлайды khabar.kz.

Мерекелік шара кезінде елордаға аттанғалы тұрған көпшілікке алдын ала екі дана ұшаққа отырғызу талоны берілді. Арнайы жәшікке салынған талондардың біреуі ұтыс билеті еді. Жеңімпаздың есімін әуежайдағы ең кішкентай жолаушы мен өңір басшысы Ералы Тоғжанов анықтады. Үстел теннисінен ел жарысына бара жатқан Сұлтангерей Тілегенов осылайша бір жолғы тегін сапар шегу мүмкіндігіне ие болды.

Айта кетейік, былтыр Ақтау әуежайы арқылы 866 мың жолаушы 24 бағыт бойынша шетелге ұшқан. Болашақта тағы 6 бағыт ашылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу