Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды

400

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін 483 мың теңге айыппұл төлейді. 

Ақтау қаласы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

"Жыл басынан бері департамент 30 әкімшілік хаттама жасады. Олардың қаралу қорытындысы бойынша бюджетке 10 млн теңге көлемінде айыппұл төленді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы Шамұрайт Шәменов.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қолданыстағы шектеулер туралы біле тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 154-бабының (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тұлғаның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы) талаптарын бұза отырып, жүзеге асырған. Сондықтан оған 483 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу