Ақтау қаласы Дубай секілді дамуға бет алды

Туристерді көптеп тартқан Бозжырада 150 орындық қонақүй салынуға жақын. 

Ақтау қаласы Дубай секілді дамуға бет алды Фото: YouTube

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдегі туристік кластерді дамытуға бағытталған жобаларын таныстырды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, Ақтау болашақта Баку мен Дубай секілді дамиды. Ол үшін бас жоспарға өзгерістер енгізіліп отыр.

– Жақында Үкіметте Маңғыстау облысын дамытуға арналған жиын өтті. Онда 2027 жылға дейін туристік кластерді дамытуға бағытталған 167 миллиард теңгенің 14 ірі жобасы іске асыру жоспарланды. Бозжыра мен Айрақтыда 150 орындық қонақүй кешені салынады, Каспий жағалауында 500 адамға дейін демалатын сауықтыру кешені мен балалар сауықтыру лагерлерін пайдалануға беру жоспарланған. Ақтауды Баку мен Дубай қалаларының үлгісі бойынша дамыту үшін бас жоспарға өзгеріс енгізілді. Жоспарға сай қалада 10 мың орындық стадион, теңіз вокзалы, "Әуенді домбыра" сәулет құрылысы мен жаңа жағажай сынды нысандар бой көтереді, – деді аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай. 

Сонымен қатар, ол облыста жаңа әуежайдың бой көтеретінін, теміржол вокзалы жаңартылатынын айтты. 

– Кендірліде жаңа әуежай салынады. Сондай-ақ, "Маңғыстау" теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, нәтижесінде тәулігіне 2,5 мың жолаушыны қабылдайды. Алдағы 5 жылда Маңғыстаудан қатынайтын жолаушылар пойыздарының 250 вагоны жаңарып, "Құрық" портында паромдық паркі құрылады деп отырмыз, – деді өңір басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу