Ақтау қаласында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген

299

Прокуратура "Сенім" медициналық клиникасы" ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректерін анықтады. 

Ақтау қаласында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген

Ағымдағы жылдың екі айында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген.

Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу