Ақтау қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлді

556

Ақтауда азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында қаладағы 38 супермаркет пен 3 гипермаркетте тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында әлеуметтік бұрыш орнатылды.

Ақтау қаласында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңге бөлді

Қала аумағындағы ірі сауда желілерімен жасалған меморандумға сәйкес, сауда үстемесінің 10 пайыздан аспауы қадағаланды. Бағаны тұрақтандыру мақсатында биыл тұрақтандыру қорымен айналым механизміне 1,5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Айналым жүйесі аясында қала бойынша екі кәсіпкермен 4 тауар түріне, атап айтсақ, картоп, сәбіз, пияз және орамжапырақ сатып алуға жалпы сомасы 280 млн теңгеге келісімшарт жасақталып, 0,1 пайыздық үстемеақымен несие берілді.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында облыс бойынша 1 400 тоннадай ұн, макарон өнімдері, ас тұзы, қарақұмық жармасы, қант, күріш және 59 мың литрдей өсімдік майы бар. Мұндай мәліметті Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов халыққа есеп беру кездесуінде алға тартты.

Ақтауда тұрғын үй жанында орналасқан шағын азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсімін болдырмау үшін арнайы кесте жасақталды. Дүкен иелеріне аптасына екі рет түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізіледі. Баға өсіміне тосқауыл қою мақсатында Ақтау қаласында call-орталық толықтай іске қосылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу