Ақтау қаласында емхананы ыстық су алып кетті

358

Бүгін таңертең емделушілер мен медицина қызметкерлері Ақтау қаласының №2 емханасында әбігерге түсті.  

Ақтау қаласында емхананы ыстық су алып кетті               Фото: бейнеден скриншот

Ақ халаттылар шелек пен шүберекті қолға алып емхана ішін су тасқынынан тазартуға кірісті. Емделушілер бірден сыртқа шығарылды. Жылу жүйесі жарылып, ыстық су бірнеше кабинетке жайылып үлгерді. Бумен алысып еден сүрткен қызметкерлер біраз уақыттан соң науқастарды қайта қабылдай бастады.

"Су электр жүйесіне де кірді. Орын алған келеңсіз жағдай бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 8 кабинетке электр қуатын беріп тұрған щитке толық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Басқа барлық кабинеттер толық жұмысын жалғастыруда. 8 кабинет бойынша жұмыстары толық қалпына келтірілген соң ақпарат берілетін болады. Емхана штаттық режимде жұмыс істейді", - деп түсіндірді медициналық мекеме әкімшілігі.

Айта кетейік, таңертең сағат 09:00-де емханада емделуші байқамай жылу батареясының су, ауа шығаратын бөлігін сындырып алып, ыстық су кету жағдайы болды. Қазіргі уақытта емхананың 1-ші блогында жарық, жылу жүйесі өшірілді. Ал, 2-ші блогында пациенттерге толық қызмет көрсетіп жатыр. Орын алған жайттарға байланысты емхана басшылығы күшейтілген режимде тиісті мамандармен техникалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жылу жүйесінің ақаулықтары қалпына келтірілгеннен кейін, жылу, жарық қайта қосылатын болады.                                                                                                                                                               

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу