Ақтау қаласында есірткі сатумен айналысқан ресейлік азамат ұсталды

539

Сонымен қатар оның қалтасынан діни мазмұндағы әдебиет табылды.  

Ақтау қаласында есірткі сатумен айналысқан ресейлік азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 шағын аудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.    

Тексеру барысында қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ, діни кітап, тәсбих және жалдап тұрып жатқан үйіне тінту кезінде арабша жазылған діни парақша мен діни мазмұндағы әдебиет тәркіленді.   

Аталған дерек СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі таңда, қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейін тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу