Ақтау қаласында кейуана 101-ші көктемін қарсы алды

656

Қанаш Жарылғасова – соғыс жылдары тылда еңбек етіп, 9 бала тәрбиелеген аяулы ана.

Ақтау қаласында кейуана 101-ші көктемін қарсы алды Фото: inbusiness.kz

6 ұл мен 3 қызынан тараған 155 немере-шөбересі бар.

Зейнетке дейін шағын ауылда санитарлық-бақылау бөлімшесінде жұмыс істеген.

"Менің жасымды берсін. Еліміз аман, тыныш болсын. Балаларымыз аман болсын. Мүдірмесін, бәрінің де ойлағаны болсын", – дейді кейуана.

Көктемнің шуақты мерекесінде ғасырдан асқан ананы бала-шағасы түгел құттықтап келді. Бұл – анаға жыл сайын көрсетілетін құрмет. 

Ғасырдан асса да кейуана тың, қимылы ширақ. Асты таңдап ішеді. Қазір кенже ұлдың қолында, қара шаңырақтың төрінде отыр.

"Қазір де менің қолымда ғой. Міндетті түрде таза бір стақан шұбат ішеді. Бірде құлап қалған еді. Мен аяғы сынған шығар деп едім. Дәрігерлер: жоқ, бұл кісіде кальций өте көп екен,– деп айтты. Сонымен жазылып кетті. Осы күнге дейін бұл кісінің бір басы ауырса қан қысымые өлшесек, қалыпты болады", – дейді келіні Жамиға.

Қанаш әжей отырған қара шаңырақтан мейман үзілмейді. Құт дарыған шаңырақта әжейдің әр сөзі – үлгі, талабы – заң.

Тасым Жаңай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу