Ақтау қаласында никаб киіп, "қаруланған" жастардың ата-аналары жауапқа тартылды

423

Маңғыстау облыстық полиция департаменті тексеру іс-шараларын жүргізу барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталып, полицияға жеткізілді.

Ақтау қаласында никаб киіп, "қаруланған" жастардың ата-аналары жауапқа тартылды Фото: Lada.kz

Ақтауда никаб киген екі қыз ойыншық автоматтарын ұстап, түнде көше аралап жүрген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау  тұрғыны жабық киінген қыздардың қару асынып жүргенінен шошып қалған. 26 шілдеде кешке ол күйеуімен кафеден үйіне жаяу қайтып келе жатқан. 5-ықшамауданнан 4-ықшамауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан екен. Сол кезде ер адамға автомат кезеген екі қызды көріпті.

“Олар мәз болып, күліп жатты. Шынымды айтсам, мен таң қалдым, өйткені басында бұл ойыншық автомат екенін білмедім. Кейін атылған даусына қарап, ойын екенін түсіндім”, – дейді тұрғын.

Ол мұндай әзілдің орынсыз екенін айтты.

“Олардың арам ойы болмағанын білемін. Меніңше, ерегесіп істеген сияқты. Десе де бұл мүлдем күлкілі емес. Сол кезде мен қатты қорқып кеттім", – деді ол.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті тексеру іс-шараларын жүргізу барысында осы оқиғаға қатысы бар адамдар ұсталып, полицияға жеткізілді.

26 шілдеде сағат 22:30 шамасында Ақтау қаласының 15 жасар тұрғыны өзінің 17 жасар досымен кездесіп, "Ақбота" балалар саябағында ойыншық автоматтарын сатып алып, бейне контент жасап, әлеуметтік желіге жүктеген. 

Осы оқиғаға байланысты, жасөспірімдердің заңды өкілдері түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың жалғыз жіберу және кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ қыздар профилактикалық есепке алынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу