Ақтау қаласында ыстық сумен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ

674

Ақтау қаласында техникалық тексеру нәтижесінде жылу желілерінде апат тіркелген жоқ. Соған қарамастан шаһардың кейбір шағын аудандарында ыстық су мен жылу әлі қосылмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.   

Ақтау қаласында ыстық сумен қамту мәселесі әлі шешілген жоқ Фото: inform.kz

Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, қазіргі уақытта кейбір шағын аудандарда жылудың жоқтығына байланысты шағымдар түсіп жатыр. Жылу жүйелерін іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, әкімдік әрбір мекенжай бойынша жеке тексерулер жүргізіліп жатқанын, қала бойынша 60%  пәтерде ішкі жылыту жүйесін қайта өңдеу жүргізілгенін атап өтті.

"Кейбір мекен-жайлар бойынша көрші пәтерде жылуды жауып тастап, тұрғындардың үйлерінде болмауына байланысты мәселе туындаған жағдай бірнеше рет анықталды. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметкерлері мен "ҚЖСА" МКК және сервистік компаниялар бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр", - деп атап өтті қалалық әкімдікте.

Айта кетейік, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ыстық су мен жылуға қатысты мәселені дер кезінде шешпегені үшін облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаровқа, Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновке, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Бердібек Картбаевқа, "МАЭК-Қазатамөнеркәсіп" ЖШС Бас директоры Талғат Есентүгеловке және оның орынбасары Мұрат Иғалиевке сөгіс жарияланғанын жазған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, 30 қарашадан бері шаһарда ыстық су қарқыны күрт төмендеп кетті. Энергокомбинат басшылығы қазандықтардағы су деңгейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл Ақтауға ыстық су беруді шектеуге себеп болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу