Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде оқ атылды

205

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ 

Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде оқ атылды Фото: бейнеден скриншот

7 сәуірге қараған түні Ақтау қаласындағы дәмханалардың бірінде оқ атылды.

Оқыс оқиға Ақтаудың 14 ықшам ауданында орналасқан Leyla дәмханасында болды.

"Дәмханаға көңіл көтеруге келген бір топ жас төлем жасамастан кетіп қалмақ болған. Дәмхана қызметкерлері олардың жолын кес-кестегенде аспанға оқ атылып, төбелес басталып кеткен" деп жазады Lada.kz куәгерлердің сөзін келтіріп.

Оқиға орнына бірнеше полиция экипажы, сондай-ақ арнайы жасақ отряды келіп жетті.

Маңғыстау облысының ПД оқиғаға қатыстылардың барлығы Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізілгенін, оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатқанын нақтылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу