Ақтау қаласының әкіміне айыппұл салынды

623

Айыппұл заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін салынып отыр.   

Ақтау қаласының әкіміне айыппұл салынды Фото: kzl.sud.kz

Маңғыстау облыстық ауданаралық сотының шешімімен серіктестіктің Ақтау қаласы әкіміне қатысты талап-арызы қанағаттандырылған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Атап айтар болсақ, жергілікті әкімдіктің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуы заңсыз деп танылған. Талапты орындауға 1 ай мерзім белгіленді. Жеке серіктестіктің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдау міндеттелген.

"Бірақ осы уақытқа дейін сот шешімі орындалмай, жеткілікті уақыт өтсе де қала әкімі әкімшілік акті қабылдауға ешқандай шара қолданбаған. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтару ақшалай 50 АЕК өндіріп алуға әкеп соғады", - дейді Маңғыстау облыстық сотының баспасөз хатшысы Нұршат Өтеулиева.

Нәтижесінде сот ұйғарымымен Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған. Әкім ақшалай өндіріп алуды 5 күн ішінде төлеуі және сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек.

Әйтпесе ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта қолданылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу