Ақтау қаласының аумағы 4 есе ұлғаятын болды

97

Үкімет тиісті қаулыға қол қойды.  

Ақтау қаласының аумағы 4 есе ұлғаятын болды Фото: gov.kz

Үкімет пен Маңғыстау облыстық мәслихаты бірлесе қаулы әзірлеп, оны үкіметтің сайтына жүктеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласының аумағы қазіргіден төрт есе ұлғайып, қаланың көлемі 124 мың гектарға жетеді.

"2026 жылдың 10 наурызындағы № 26/309 Маңғыстау облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен 2026 жылғы 16 ақпандағы № 28 Маңғыстау облысы әкімдігінің "Маңғыстау облысының Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы" қаулысына сәйкес, Маңғыстау облысының жалпы ауданы 94642,2062 гектар жерінің бір бөлігін осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтау қаласының шекарасына енгізу арқылы Ақтау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы келісім берілсін", – деп жазылған Үкімет қаулысында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу