Ақтау қаласының прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді

174

Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіровке қатысты іс бойынша апелляциялық шағым түсірілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтау қаласының прокуроры уақытша қызметінен шеттетілді Фото: Маңғыстау облысы прокуратурасы

Алматы авиациялық көлік прокуроры қалалық мамандандырылған соттың Ерболат Әбдіровке қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша істі тоқтату туралы шешіміне наразылық білдірген.

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы аталған шағым Маңғыстау облыстық сотында қаралатынын хабарлады.

– Қызметтік тергеу жүріп жатуына байланысты, "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 38-бабы негізінде Ерболат Әбдіров қызметтік жауапкершілігіне қатысты мәселе толық шешілгенге дейін қызметінен уақытша шеттетілді, – делінген ресми хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу