Ақтау қаласының салық инспекторынан айыппұл өндіріледі

290

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жеке тұлғаның Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына қатысты талап арызы қанағаттандырылды.  

Ақтау қаласының салық инспекторынан айыппұл өндіріледі Фото: Ана тілі

Жеке тұлғаға тиесілі көлікке есептелген салық түрі заңсыз деп танылды. Сот шешімімен салық өндіру бұйрықтарының күші жойылған. Он бес жұмыс күні ішінде сот шешімін орындап, ол жөнінде сотқа үш күн ішінде хабарлау міндеттелді. Бірақ, осы уақытқа дейін сот шешімі орындалмаған, жеткілікті уақыт өтсе де жауапкерге тиісті шара қолданбаған. Яғни, көлік иесінің жеке шотынан заңсыз есептелген салықтар алынған. Сөйтіп салық төлеушінің құқығы бұзалады.         

"Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде қаражат өндіріп алуға әкеп соғады. Сот ұйғарымымен Ақтау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысына қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылған. Салық инспекторы ақшалай өндіріп алуды 5 күн ішінде төлеуі және сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек. Орындалмаған жағдайда ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта қолданылады", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметі.                                                                                                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу