Ақтау қаласының тұрғындары көптен күткен ыстық судың сапасына жаппай шағымдануда

362

Қара түсті ыстық суды, "мұнай" деп атап кетті жұрт.  

Ақтау қаласының тұрғындары көптен күткен ыстық судың сапасына жаппай шағымдануда Фото: тұрғындардан

"МАЭК" ЖШС-нің жөндеу жұмыстарына байланысты көктем мен жаз бойы ыстық су тоқтатылған еді. Қыркүйек айының соңынан бастап көпқабатты үйлерге ыстық су жіберіле бастады. Бұл жаңалықты халық оң қабылдады, өйткені облыс орталығында жарты жылдан астам уақыт су болған жоқ. Алайда, көптен күткен қуаныш су сепкендей басылды. "29-шы шағын ауданда екі апта бойы судың түсі өзгермей қойды. Сапасы сын көтермейтін суға шомылу да, кір жуу да мүмкін емес. Біз құбырдан болар, біраздан соң мөлдір болады деген үмітпен қанша текше метр қара ыстық суды далаға ағыздық. Ыстық судың орнына қара су жіберіп, халықты мазақ етесіздер ме?" деп шағымданды қала тұрғыны Лиза Қуанышбекқызы.

"14 шағын ауданның 24 және 40-шы үйінде таза ыстық су қашан болады? Мұндай су үшін осындай ақылға сыймайтын соманы төлеуіміз керек пе? Ауыз су да лас келеді. Сапалы суды талап етеміз, әлде төлемді шегерсін. Бұл ыстық су емес, бұл - мұнай",- дейді тұрғындар.

Бұған дейінгі сөздерінде Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев халықтың шағымдарына судың түсі құбырлардағы екпінмен байланысты екендігіне ғана жауап берген. Бірақ судың сапасы жақсармауы мұны жоққа шығарғандай. "Каспий жылу, су арнасы" МКК директорының орынбасары Ислам Үсеновтің мәлімдеуінше, ыстық су сапасының нашарлауы жылу желілеріне жөндеу жұмыстарының жүргізілуі себеп болып отыр.                                                                                      

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу