Ақтау көшелерінде егеуқұйрық қаптады. Қоқыс жәшіктерінің айналасында жүретін кеміргіштер адамнан да қорықпайтын болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Тұрғындар тышқандардың тым көбейіп кеткенін айтып шағымданып жатыр. Жергілікті халық жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған.
Егеуқұйрықтардың қоқыс жәшіктерінің айналасын індеп алғанын шенеуніктер де жоққа шығармайды. Жергілікті биліктің тапсырмасынан кейін ғана қалада жаппай улау жұмысы басталған. Мамандар теңіз жағалауынан бастап, барлық шағын ауданды бір айда дезинфекциялап шықпақ.
Ақтау ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Айдар Бисенов аудандарда дератизация жүргізілетінін айтты.
“Самал” қонақ үйінен 15 шағынаудандағы “Каспий ривьера” қонақ үйіне дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстар арнайы препараттарын салу арқылы жүргізіліп жатыр және дератизация 16, 17, 18, 19, 20 шағынауданда жүргізіледі”, – деді маман.