"Ақтау", "Құрық" порттары жолаушы кемелерін қабылдамайды

804

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Нариман Төреғалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ақтау", "Құрық" порттары жолаушы кемелерін қабылдамайды

Сенатор үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында Маңғыстау облысының туристік аймақтарындағы 1 100 шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу қажет екенін мәлімдеді. 

"Маңғыстау облысында құрғақ жүктер мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған "Ақтау теңіз сауда порты" және "Құрық" порттары бар. Олар ел экономикасы үшін маңызды рөл атқарады. Алайда 2 порт тек жүк тасымалдауға арналған. Жолаушы кемелерін қабылдау мүмкіндігі жоқ", – деді депутат. 

Нариман Төреғалиевтің айтуынша, Маңғыстау облысындағы туризмді дамытуға серпін беру үшін жолаушылар теңіз вокзалын салу қажет. 

"Теңіз вокзалы туризммен қатар өңірдің экономикасына жаңа серпін береді", – деп қорытты сөзін сенатор. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу