Ақтау, Құрық порттарының терминал алаңы кеңейтіледі

246

Бұл туралы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ақтау, Құрық порттарының терминал алаңы кеңейтіледі Фото: gov.kz

"Шілде айында Құрық портының акваториясын тереңдету жұмыстары басталды. Қазір жалпы жұмыстың 30 пайызы жасалды. Тереңдету жұмыстарын "Jan De Nul" деген ірі бельгиялық компания жүргізіп жатыр. Ол үшін Құрық портының акваториясында 7-санатқа жататын қатты топырақты шығара алатын "Висалиус" деген арнайы кеме тартылды. Келесі 2025 жылы Ақтау портында да осындай жұмыстар жүргізіледі", - деді комитет басшысы.

Каспийдің табанын тереңдету арқылы терминалдардың сыйымдылығын арттыру көзделіп отыр. Құрық және Ақтау порттарының пайдалы ауданы 171 гектарға кеңейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу